|
28.01.2019 | 12:11
2671

Нұржан Керменбаев сахнаға ішіп шығатын әріптестері жайлы айтты

Нұржан Керменбаев сахнаға ішіп шығатын әріптестері жайлы айтты

Нұржан Керменбаевтың айтуынша, бүгінде қазақ әншілері арасында ішімдік ішетіндер де, ауызға татып алмайтындар да бар. Әнші ішімдіктен бас тартқан әріптестерінің көп болғанын қалайды. Сонымен қатар, Дана Кентай мен Әбдіжаппар Әлқожа да сахнаға ішіп-шегіп шығатын әріптестері жайлы айтты, деп жазды Stan.kz.

«Көріп жүрміз, ішетіндер де, ішпейтіндер де бар. Бұрын ішіп, кейін ішпей қалғандар бар. Сол ішпей қалғандардың қатарына көбісі қосылса екен деймін. Өйткені ішпегеніміз өзімізге абзал. Өмірімізде береке болады», – дейді Нұржан.

«Соншама халық әншілерді көремін деп уақыттарын бөліп келіп отыр. Ол сыйламағандықтың белгісі ғой. Ішіп-шегіп шыққан адам қайбір есін біледі?! Сонда бәрібір деген сияқты қарап тұр ғой», – дейді әнші Дана Кентай.

Ал Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алып ел алдына шығу бұрынғының «дәстүрі».

«100 адамдық сахна болса да, сахнаның киесі ұрады. Сахнаның киесі ұрғаннан кейін әнші адам оңбай кетеді. Қазақта оңбай кет деген сөз бар ғой. Сахнаға ішіп-шегіп шығу деген ескі үрдіс шығар. Қазір ондай дүние жоқ, Аллаға шүкір, мұсылман елміз, қазақ еліміз. Ондай кісілер жоқ», – дейді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир