«Сезім қалмады»: Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын мойындады

27.03.2019 17:16

Әншінің студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт - Мейрамбек Бесбаев болып шықты

Мәдина Сәдуақасова студент кезінде Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзінің өнер жолындағы 20 жылдың өмірін бейнебаянына арқау еткен әнші елден жасырған құпиясымен бөліскен.

Әншінің студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт - Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

«Мәдина Сәдуақасова мысалы өзгерді. Мүлдем басқа адам. Жас студент кезде ғашық болған адамы, мына өмірде, қазіргі оның досы, әріптесі және де ешқандай сезім қалмаған», - деді әншінің өзі.

Қазіргі таңда Мейрамбек пен Мәдинаның арасында сезімге орын жоқ, есесіне әріптестік қарым-қатынасқа қаз-қалпында. Ал, өнерде бағы жанған Сәдуақасованың, өмірде қолы жетпеген тағы бір арманы бар.

«Мен армандасам, ол орындалады. Сондықтан менің армандарымның – 98 пайызы орындалды. Орындалмаған екі-ақ пайыз қалды. Ендігі арманым - қызды болу», - дейді Мәдина Сәдуақасова.