|
20.03.2021 | 12:31
7772

Наурыз мерекесі онлайн режимде: Алматыда қандай мәдени шаралар өтеді

22 наурызда Алматы әуендерінің Youtube арнасында «Қош келдің – Наурыз!» мерекелік концерті өтеді

Наурыз мерекесі онлайн режимде: Алматыда қандай мәдени шаралар өтеді стоп-кадр

Алматы «қызыл» аймаққа кіргелі карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Сондықтан Наурыз мерекесіне жоспарланған барлық мерекелік іс-шара онлайн режимінде өтеді. Almaty.tv мерекеге орай көрсетілетін маңызды шаралардің тізімін ұсынады.

1. Алматы қаласы музейі

Наурыз мейрамы қарсаңында, Алматы музейінде «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім береке» қазақтың қолданбалы өнерінің этнографиялық көрмесі өтіп жатыр.

Көрме «Топжарған» этно-өнер орталығымен бірлесе ұйымдастырылып, этнографиялық коллекциясы көрермен назарына ұсынылды.


2. Мемлекеттік қуыршақ театры өз көрермендерін мереке күні қуантпақ. Алдымен театр актерлері қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Елдегі қуыршақ театры ұжымдарының қатысуымен «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары/Вечные ценности древнего праздника» атты дөңгелек үстел өтеді. Оған Нұр-сұлтан, Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры, Шымкент қалалық қуыршақ театры, Қостанай облыстық қуыршақ театры қатысады. Наурыз тақырыбына жазылған шығармалардың мәнін көрермендер арасында насихаттап, оны театр репертуарына қосуды ұсынбақ. Бұл шара халықаралық, республикалық фестивальдерде ұлттық тақырыптағы қойылымдарды көрсету мақсатында өтеді және оған кез келген көрермен қатыса алады.

19-22 наурыз аралығында Мемлекеттік қуыршақ театрының ресми аккаунттарында ұлттық нақышта безендірілген қуыршақтардың, эскиздердің, декорациялардың онлайн көрмесін көруге болады. Сондай-ақ, балаларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы, маңызы және өткізу тәртібі туралы танымдық бейнежазбалар жүктеледі.

Сонымен қатар, қала тұрғындары ұлттық аспаптардың, би өнерінің, ұлттық тағамдардың шығу тарихы, маңызы мен құндылықтарын көрсететін «Наурыз айы туғанда, той болады» мерекелік қойылымын; 

- қуыршақтар мен театр әртістерінің қатысуымен «Әз Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы» онлайн шеберлік сыныбын; 

- 7-12 жас аралығындағы оқушылар арасында онлайн форматта «Ата салтын ардақтайық» шығармалар конкурсын; 

- «Алатау» театрымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тарих қойындағы Наурыз» мерекелік онлайн-спектаклін көрсетеді.

3. Қазақ мемлекеттік циркі қала тұрғындарына күрделі трюктер мен фестиваль нөмірлерінен тұратын цирк әртістерінің мерекелік бағдарламасын ұсынады. «Номад» ат-акробатикалық тобы қазақ халқының «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Түн алу» және т.б. ұлттық ойындары көрсетілетін шеберлік сыныптары болады. Бұл іс-шараларды Қазақ мемлекеттік циркінің әлеуметтік парақшаларынан көруге болады.

4. Мемлекеттік архивтің әлеуметтік желілерінде Наурыз мерекесіне қатысты құжаттар жарияланады. «Наурыз тойы – мерекем, сал-дәстүрім  берекем!» фотокөрмесі, М.Мырзахметұлының «Қазыналы Оңтүстік» кітаптар жинағынан алынған «Бабалар естелігі мен берекелі күндер» туралы тарихи деректер ұсынылады.

«Наурыз тойы – мереке» фотоқұжаттық онлайн көрмесінде Алматы Наурыз мерекесін тойлау туралы мұрағат қорындағы құжаттар және «Наурыз шеруі» фотосуреттері ұсынылған. Ал «Наурыз-құт-береке бастауы» көрмесі Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатындағы Наурыз мерекесінің фотосуреттер топтамасынан тұрады. «Қазақтың ұлттық асы» көрмесінде қазақ халқының барлық ұлттық тағамдарын көруге болады.

22 наурызда «Наурыз  думан» деректі фильмі жарық көреді, онда 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Наурыз мерекесінің хроникасы көрсетіледі.

5. «Алатау» дәстүрлі өнер театры қала тұрғындарына қызықты бейнероликтер ұсынады. «Наурыз көже» онлайн бағдарламасында кәсіби мамандар (дәрігер, мұғалім, инженер, спортмен, бизнесмен, заңгер және мәдениет өкілі) наурыз көже дайындап қана қоймай, қызықты тарихи фактілер туралы айтып береді.

22 наурыз Алатау театрының тікелей эфирінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік онлайн концертті көруге болады.

6. 20 наурызда Алматы әуендері ресми Youtube арнасында көрермендерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Наурыз –  думан» атты мерекелік онлайн концерті ұсынылады.

21 наурыз күні Алматы әуендері парақшаларында (Instagram - @dvorec_respubliki, Фейсбук - almatyayenderi.kz) М.Омаров, Қ. Сүлейменов, А. Бегей, Ғ. Рысбай, Б. Тайлақбаев, Б. Нұрымхожин, А. Тарғын, Д. Байбори, М. Базарбаев, о. Алтаев, М. Шахзодаев, Т. Әшімбеков, Д. Сейтжанов, г. Шекербаев, Е. Айдар сынды танымал эстрада әртістерінің қатысуымен онлайн концерт өтеді.

22 наурызда Алматы әуендерінің Youtube арнасында «Қош келдің, Наурыз!» мерекелік концерті өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир