Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димаш Құдайберген Астанада өзінің жеке концертін бермек. Бүкіл әлемге танымал болған мега жұлдыздың жеке кеші елорда күніне орай «Астана Арена» стадионында өтетін болады. Ол өзінің музыкалық шоуын «Арнау» деп атамақ, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Алла қаласа, араға екі жыл салып, 2017 жылы Астана аренада «Бастау деген менің ең алғашқы Қазақстандағы үлкен концерттік жобамды назарларыңызға ұсынған болатынмын. Енді сіздерге деген махаббат пен сіздерге деген сағынышпен екі жылдан кейін, міне, осы жазда «Астана Аренада» «Арнау» деп аталатын үлкен концертімді назарларыңызға ұсынбақпын. Келіңіздер, көріңіздер!», – деді әнші Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.

Концерт 5 бөлімнен тұрады деп күтілуде. Музықалық шоуда Димаш Құдайбергенов қазақтың халық әндерін, қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындайтын болады. Бұдан бөлек, өзінің жаңаша әрленген авторлық туындыларын шырқамақ.  



Новости партнеров