|
18.04.2020 | 12:41
2576

«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» атты ақындар челленджі басталды

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы бастаған эстафетаны жырсүйер қауым жалғастырып әкетті

«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» атты ақындар челленджі басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы тұтатқан поэзия алауын бүгінде елімізге танымал ақындар мен жас ақындар жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Челлендж-эстафетаның шарты бойынша, бастамаға үн қосқысы келген кез келген ақын өлең оқуы тиіс. Қатысушылардың видеосы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланып отырады.  

«Қиындық келеді, кетеді. Болмысымызды, көңіл күйімізді жоғалтпауымыз керек. Жұмылған жұдырықтай бірлік керек. Халықты төзім мен сабырға шақырып, карантин уақытын тиімді өткізуге шама-шарқымызша атсалысу, бастаманы қолдау - азаматтық міндетіміз. Карантин мерзімі – шығармашылық адамдарының өнімді еңбек ететін тұсы, қалың оқырманның рухани білім алатын уағы. Осы ретте барша қалам ұстаған азаматтарға, өнер, мәдениет саласындағы әріптестерге төмендегі челленджді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының атынан жолдап отырмыз», - деді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Каженбайұлы эстафета туралы.

Ұйымдастырушы тараптың атынан Кітап палатасы директорының орынбасары, белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы жыр оқып, ақ тілегін білдірді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында және карантин уақытында қалың әлеуметке ерекше әсер сыйлау мақсатында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұйымдастырған «Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» атты челлендж-эстафетасы жалғасуда», - деді Маралтай Райымбекұлы. 

Кітап палатасы ұжымы бастаған челленджді іліп әкеткен Мұрат Шаймаран, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан, Бауыржан Бабабажанұлы сынды бірқатар танымал ақындар мен жастар, сондай-ақ еліміздің жырсүйер қауымы бүгінде әлеуметтік желілерде өз жырларын жариялап, көпшілік ықыласына бөленуде.   

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир