Тәуекел Мүсілім «қызың басқа ұлттан» деп сөккендерге жауап берді

Тәуекел Мүсілім «қызың басқа ұлттан» деп сөккендерге жауап берді
Актердің мәлімдемесі көпшілікті таң қалдырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуекел Мүсілімге жиі қойылатын сұрақтардың бірі «Сүйіктің бар ма? Той қашан?». Осы сарындағы сауалын желі қолдаунышыларының бірі тағы қойды. Бойжеткенге жауап берген кино әлемінің сымбаттысы бүгінде өзге ұлт өкілінің қызымен көңіл қосып жүргенін айтты.

Желі қолданушыларының бірі: «Қызы онша емес сияқты көрінеді. Өзі қазақтың қара домалақ баласы. Қазақ емес пе?» деп пікір қалдырыпты.

Өнер иесі болса, оның бұл сұрағына: «Жүріп жүрген қызымның бар екені рас. Аты - Айтұрған. Таза қазақ емес, аралас. Не дейміз енді, сондай бір адам кездесті. «Ұлттың жаманы жоқ, жаман адамдар бар» демекші, оның ұлтына ғана қарайтын болсақ, ол дұрыс емес деп ойлаймын. Бастысы, ол қыз маған ұнайды, сол себепті кездесіп жатырмыз. Бірге тұратын мен ғой», – деп жауап берді.


Новости партнеров