Динагүл Тасова өзінің сахнаға жалаңаш шығуына ақшаның қатысы жоқтығын айтты
Жалаңаш төсін көрсетуден ұялмайтын Динагүл Тасованы Жанар Айжанова өз орнына қойды. Бұл туралы Аман Тасығанның Youtube каналында берген ашық сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Модель болуды мүлде армандамағанын, тіпті, ойына кіріп шықпағанын айтқан Динагүл Тасованың бүгінде төсін жалаңаштап сән көрсетіп жүргеніне Жанар Айжанова өз көзқарасын айтты.
«Көбі бұны өнер деп қабылдайды. Бірақ ол маған тұрпайы болып көрініп тұр. Тым құрыса, төсінің ұшын жабуға болар еді ғой. Әрине, дизайнерлерге не, оларға рейтинг көтеріп алу үшін жақсы шығар. Ал, енді Динагүл-ау, сенің жасың 29-да ғой, кәрі қыздардың қатарындасың. Менің көзқарасымда ашылатын-шашылатын жастан кеттің. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кететін қазақтың қызы болсаң, кете беруге міндетті емессің. Мынаны көргеннен кейін еркек атаулы міндетті түрде «уау» деп төсіңді ұстап көргісі келеді. Бірақ, мен соның өзіңдікі екеніне де сенбей отырмын. Неге саған көкірек керек болып қалды?» - деп Айжанова сұрақты төтесінен қойды.
«Өзімнің қалауым, жасатқым келді. Өйткені, бұрынғы кеудем кішкентайлау болды», - деп жауап берді Динагүл Тасова.
«Қанша жасқа дейін шешінесің? Жетпіс жасқа дейін бе? Ондай болса, төмен жақты қашан шешесің? Бәлкім, ол да сен үшін өнер шығар? Шешінгенге көбірек төлейтінін білеміз. Тағы да көбірек төлейміз төменгі жағыңды да ашасың десе, шыға аласың ба? Батылың бара ма?» - деп сұрақтарын бастырмалатып қойған Жанар Айжановаға Динагүл Тасова«мен білмеймін»,- деп күмілжігеннен басқа жауап айта алмады.
Содан соң ол ақтала бастады. Осыдан 8 жыл бұрын анасы мен сіңлісі қайтыс болғанын, әкесі осы уақытқа дейін бір де бір рет қоңырау шалып, "мынауың не?" деп айтпағанын тілге тиек еткен Тасова қиналғанда көмектесе алмаған жақын туыстарының енді өміріне араласпағанын қалайды.
Сондай-ақ, бұлай жалаңаштанып шығуына ақшаның жоқтығы әсер еткен жоқ дейді.
«Мен подиумға ақша үшін шықпаймын. Егер ақша үшін шығатын болсам, маған ұсыныс жасамады емес, көп рет жасалды. Тіпті, «PlayBOY»-дан хабарласып: «Келіңіз тырдай жалаңаш шығыңыз. Біз сізді журналға басайық», деген ұсыныс та болды. Мен бас тарттым. Егер мен көшеде, үйде, қоғамдық ортада шешініп жүрсем, онда мүмкін сын тағуға болар ма еді...», - деді Динагүл.
«Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Кісі өлтіріп те адам болып жатады. Менің ақылымды тыңдасаң, мынаның бәрін таста. Қарап отырмын әдемісің. Оның үстіне қанымда көп ұлттың қаны бар деп отырсың. Осы әдемілігіңді басқаша пайдалан. Өйткені қазір 29 жастасың, алайда 10 жылдан кейін 39-ға келгеніңде мынауың өтпейді. Дизайнерлердің айтқанына көне берме», - деп Жанар Айжанова өз ақылын айтты.