Алматыда композитор Рахат-Би Әбдісағынның авторлық кеші өтеді

22.08.2022 18:07

Кеш 28 тамыз сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында болады

2022 жылғы 28 тамыз сағат 18.00-де Алматы қаласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында шет мемлекеттерге кеңінен танымал көрнекті жас қазақстандық композитор Рахат-Би Әбдісағынның  «Призраки Бессмертия» атты симфониялық музыка авторлық кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл оқиғаның бірқатар ерекшеліктері бар: Ең алдымен, бұл бір композитор шығармаларынан тұратын авторлық концерт. Симфониялық музыка авторлық концерті — өте сирек оқиға. Авангард, заманауи академиялық музыка симфониялық концерті — ерекше құбылыс. Рахат-Би жаңа композиторлық техникаларды қолдана отырып, аспаптарда ойнаудың кеңейтілген əдістерін пайдаланған. Сонымен қатар Рахат-Бидің рояльда ғана емес, органда да өнер көрсетуі — кездесе бермейтін жағдай.

Талғамы биік өнерді бағалайтындар үшін нағыз сыйлық, əрине, Рахат-Би Әбдісағынның концертіне арнайы шақырылған заманауи академиялық музыканың ең атақты дирижерлардың бірі Клемент Пауэрдің (Ұлыбритания) өнері болмақ. XX-шы жəне XXI-ші ғасырлардағы көрнекті туындыларды интерпретациялауымен танымал Пауэр маңдай алды жаңа музыкалық ансамбльдермен бірлесіп жұмыс жасауда.

Бағдарлама:

  • Prologue (Пролог) симфониялық оркестрге арналған
  • The Will to Live (Өмірге Құштарлық) фортепиано жəне симфониялық оркестрге арналған
  • Symphony Ghosts of Immortality (Симфония «Мəңгілік Елес») Qubylys — фортепиано жəне оркестрге арналған симфониялық поэма
  • The Sacred Universe of Particles (Таңғажайып микро-бөлшектер əлемі) – оркестрге арналған симфониялық шығарма
  • I raggi di Dante (Данте Шапағаты) – хор,орган жəне симфониялық оркестрге арналған кантата

Орындаушылар:

Солист — Рахат-Би Әбдісағынның  (рояль/орган). Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі

Дирижер — Клемент Пауэр (Ұлыбритания).

Автор туралы:

Рахат-Би Әбдісағынның  — дарынды композитор əрі пианист. ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мəдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы. 2 опера жəне 150-ден аса классикалық музыка туындыларының авторы. Оның музыкасы Еуропа, Азия жəне Американың атақты концерт залдарында орындалуда. 2019 жылы 20 жасында Италияның үш беделді жоғары оқу орындарының докторантураларын (postgraduate): Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясымен Рим қаласындағы Санта-Чечилия Академиясын (композиция бойынша), жəне Че заре Поллини атындағы Падуя консерваториясын (фортепиано бойынша) аяқтады. Рахат-Бидің шығармашылық өмірі бірегей оқиғаларға толы. 2022 жылы Германияда əйгілі Verlag Neue Musik Berlin баспа үйінде оның «Selected Solo Works» (Sammelband) атты партитураларының арнайы жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа симфониялық оркестрдің жеке əр аспабы үшін жазылған жұмыстар кірді. Мамандардың айтуынша, Рахат-Би осындай ауқымды жобаны жүзеге асырған əлемдегі екінші композитор (бұған дейін — ұлы итальяндық композитор Luciano Berio (1925-2003) болған). Германияда (Kreuzberg records, 2021-2022) оның үш фортепианолық компакт-дискісі жарық көрді: «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Chopin and Liszt», «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Viennese Classics: Haydn, Mozart, Beethoven», «Rakhat-Bi Abdyssagin plays Beethoven». CD-лер Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония жəне т. б. ірі дүкендерінде сатыла бастады. Атап айтқанда, оларды əлемдік Amazon-да сатып алуға жəне iTunes, Apple Music, Spotify, Deezer сияқты жəне т. б. барлық танымал streaming платформаларында тың дау ға б ола ды. Осылайша, əлем қа зақст ан дық м у зыканттыңшығармашылығымен танысуға зор мүмкіндік алды.