Жамбыл атындағы филармонияда балаларға арналған Жаңа жылдық қайырымдылық кеші өтті

23.12.2019 18:10

«Қызыл алма» фестивалі осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр

Балғындар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында мерекелік концерт ұйымдастырған. Жаңа жылдық қойылымдардың ойдағыдай шығуына Қазақстанның отбасы институты және Алматының жастас саясаты қорының мамандары мұрындық болыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шарада жеткіншектер ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, музыкалық аспаптарда да өнер көрсетті. Фестиваль қатысушыларын қолдауға 200-ге жуық адам келген.

«Балалар бұл шараға қатысу арқылы, өздерінің мүмкіндігі шектеулі емес екендігін сезінеді. Осы арқылы психологиялық және физикалық тұрғыда дамиды. 3 ай бұрын дайындықты енді бастағанда жеткіншектер анық сөйлей алмайтын. Қазір оң нәтижені байқауға болады. Бұл – деген керемет жетістік!», – деді қайырымдылық фестивалінің ұйымдастырушысы Эльмира АЛИЕВА.

Шараның мақсаты – кембағал балаларды психологиялық жағынан дамытып, әлеуметтік қолдау көрсету. Сондай-ақ, сахнада қымсынбайтындай етіп ашу. Қойылымдарда ерекше жандармен бірге мектеп оқушылары да өнер көрсетті.  «Қызыл алма» деп аталалатын фестиваль осымен 8-ші рет ұйымдастырылып отыр.