|
01.04.2022 | 17:38
5620

Бүгін - композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туған күні

Казахстанский музыкант родился 1 апреля 1925 года

Бүгін - композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туған күні ашық дереккөз

Бүгін - композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туған күні, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Дәулескер домбырашы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 

1952-1961 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 

1960-1964 жылдары - Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 

1968-1981 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы. 

1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды. 

«Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. 1998 жылы көз жұмған. 

Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Астана, Алматы қалаларында Нұрғиса Тілендиев атындағы көше бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир