|
24.03.2022 | 13:48
4868

Алматыда Т. Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасына арналған халықаралық жиын өтеді

Ғалымның 95 жылдығына арналған іс-шара ҚазҰУ-дің Қожакеев атындағы дәрісханасында өткізіледі

Алматыда Т. Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасына арналған халықаралық жиын өтеді Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 25 наурызында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетіндегі № 230 Қожакеев атындағы дәрісханада Темірбек Қожакеевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Темірбек Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасы: таным мен талғам табиғаты» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-офлайн конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Темірбек Қожакеевтің сатиралық және әдеби мұрасы: таным мен талғам табиғаты» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн/офлайн конференция дәстүрлі «Қожакеев оқулары» аясында өткізіледі.

Конференцияға Т. Қожакеевтің туыстары, әріптестері, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушыпрофессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Анықтама: Темірбек Қожакеұлы Қожакеев 1926 жылдың 17 желтоқсанында Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген (17.12. 1926 – 29.12.2003).

Т. Қожакеев – қазақ сатирасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеп, негізін қалаған ғалым. Ол – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі 200-ден астам мақала мен көркемпублицистикалық очерк, фельетондардың авторы. Қожакеев өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті болды.

 «Мерейлі Меркі», «Керімсал кент» (Е.Сауранбаевпен бірге), «Сатира сардарлары», «Сатира негіздері» кітаптарын, 7- томдық таңдамалы шығармалары, сондайақ журналист болсам деп армандаған жас өрендерге арнап «Жас тілшілер серігін» жазған ғалым-ұстаз. Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев Қазақстан Жоғары мектебі ҒА тағайындаған «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир