|
15.12.2023 | 13:42
967

Тәуелсіздік күні: Алматыда қазақтың қолөнеріне арналған көрме өтті

Жеке көрмеде қолөнершінің 60-тан астам шығармасы қойылды

Тәуелсіздік күні: Алматыда қазақтың қолөнеріне арналған көрме өтті Almaty.tv

Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақтың қолөнері қайта жаңғырды. Бодандықтан босап, бостандыққа қол жеткізген айтулы датаға орай Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихымыздан сыр шерткен туындылардың авторы – сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Жақып Құттыбек. Жеке көрмеде қолөнершінің 60-тан астам шығармасы қойылды. Шебер туындыларын ерекше техникада орындаған. Теріге ою өрнек, аң-құстар мен тарихымызды ойып салып, еңбектерін патенттеген.

Айта кетейік, елімізде теріге бедер салу арқылы өнер туындыларын жасайтын жаңа бағытты ашқан да осы «JaQut» көрмесінің авторы.

– Қазақтың дәстүрлі, ата-бабадан қалған киіз басу, кілем тоқу өнерін заманауи суретші ретінде қазіргі көзқараспен жеткізіп жатырмын. Бұл суретшілер әлемінде, қолөнерімізде бір жаңалық болды, – деді қолөнерші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Құттыбек Жақып.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында ұлттық стильде жарықтандырылған арт-объект пайда болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир