Алматылықтарға әр сенбі сайын ашық аспан астында кино ұсынылады

08.08.2019 19:15

Бұл жолы келушілерге «Салам, Нью-Йорк» картинасы ұсынылды

Алматылықтар мен қала қонақтары шаһардың әрбір ауданында ашық аспан аясында кино тамашалауда. 10 шілдеде басталған шараға екі мыңнан көп көрермен келген. Бүгінге дейін 4 фильм көрсетілген. Бұл жолы келушілерге «Салам, Нью-Йорк» картинасы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Аталған шараның басталғанына 4 апта болды. Тамыз айы бойы жалғасын табады. Ендігі жұмадан бастап біздің жобамыз кеңейіп жатыр. Оның да графигі жақында жария болады», – деді «Алматы бас жоспар» ғылыми-зерттеу институты басшысының орынбасары Қуат БАЙЫРОВ.

Айта кетейік, алматылықтар әр сенбі сайын отандық кинотуындыларды да тамашалай алады. Тұрақты өтетін жері:  Абай даңғылы, Гагарин мен Жароков көшелерінің ортасында.  Толық ақпаратмен Q-Lab қалалық жобалар зертханасының фейсбуктағы парақшасынан таныса аласыздар.


Теги: показ