Димаштың Киевте өткен концертінің видеосы жарияланды

26.04.2020 в 18:46

Концерттің видеосы бүгін сағат 21:00-де әншінің YouTube каналында көрсетілмек

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің 11 наурыз күні Киевте «ARNAU» әлемдік турнесінің аясында өткен концертінің видеосы жария етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Армысыздар, менің құрметті тыңдармандарым! 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де менің YouTube каналымда уәде еткенімдей, «ARNAU» әлемдік турне аясында Киев қаласында өткен концертімнің видеосы жария етіледі. Қазіргі карантин кезеңінде өздеріңізге көтеріңкі көңіл-күй тарту еткім келеді. Уақытты керемет өткізесіздер деп сенемін!» - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күрес туралы айтқан әніне түсірілген бейнебаянның қазақстандық нұсқасы жарияланған болатын.

Әнші дүниежүзіне тараған коронавирус инфекциясы салдарынан әлемдік турнесін өткізе алмаған еді.

Қазір Димаш отбасымен үйде қалай уақыт өткізіп жүргені туралы жазбалар мен суреттерін жиі жариялап, парақшасы арқылы жанкүйерлерін карантин режимін сақтауға, үйден шықпауға шақырып жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

⠀Армысыздар, менің құрметті тыңдармандарым! ⠀ 26 сәуірде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21-00-де менің YouTube каналымда уәде еткенімдей «ARNAU» әлемдік турне аясында Киев қаласында өткен концертімнің видеосы жария етіледі. ⠀ Қазіргі карантин кезеңінде өздеріңізге көтеріңкі көңіл-күй тарту еткім келеді. Уақытты керемет өткізесіздер деп сенемін! Good evening, my beloved Dears! April 26, at 9:00pm Nur-Sultan’s time, the promised recording of the concert, which took place on March 11 in Kyiv as part of the «ARNAU» world tour, will be released on my YouTube channel. In this difficult for all of us quarantine, we really wanted to brighten up your leisure. Give a great mood and cause a bright smile. We hope you have a good time! Доброго времени суток, мои любимые Dears! 26 апреля, в 21:00 по времени Нур-Султана на моем YouTube канале выйдет обещанная запись концерта, который проходил 11 марта в Киеве в рамках мирового турне «ARNAU» В это непростое для нас всех карантинное время нам очень хотелось скрасить ваш досуг и времяпровождение. Подарить отличное настроение и вызвать яркую улыбку. Надеемся, что вы отлично проведете время!

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)25 Апр 2020 в 12:04 PDT