Жошы ұлысының тарихы, мұрасы мен тағылымы: Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Қатысушылар соңғы зерттеулерді талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен халықаралық жиын ұлыстың 800 жылдығына арналған. Оның аясында отандық профессорлармен қатар, Түркия, Канада, Жапония сынды 5 елден келген ғалымдар бас қосты. Қатысушылар тарихқа қатысты соңғы зерттеулерін ортаға салып, ғылыми мәселелерді талқылады.

– Кеңес Одағында бұл тақырып көп зерттелмеген. Бірақ тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда, Татарстанда, XX ғасырдан бастап Турцияда Жошы ұлысын тарихшылар  айта бастады, – деді Анкара университетінің профессоры Абдулах Гюндоғду (Түркия).

– Алтын орданың қазіргі ғылыми ошағы Татарстан деп аталады. 1960 жылы татар ғалымдары біздің мамандарға қызыға қараған. Басты міндет – Алтын орданың тарихын зерттейтін мамандарды даярлау, – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда өнер майталмандары марапатталды

Новости партнеров