|
21.05.2024 | 19:38
436

Алматыда өнер майталмандары марапатталды

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 15 адамға берілді

 Алматыда өнер майталмандары марапатталды Almaty.tv

Бүгін елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Алматыда дәстүрді дәріптеп, шығармашылықпен айналысып жүрген бір топ адам «Мәдениет саласының үздігі» атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов шаһардағы ардақты кәсіп иелерін мерекесімен шын жүректен құттықтады. Биыл айтулы дата қарсаңында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 15 адамға берілді. Олардың арасында театр әртістері, мұражай және мемлекеттік цирк қызметкерлері де бар.

– Еңбектің бағаланғаны әріптестерімізге жігер сыйлайды. Шығармалылық жетістік көп бөлсын! Марапатау жалғаса береді, – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Бұдан бөлек, іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрі және қала әкімінің орынбасары атынан берілген алғысхат табысталды.

– Мереке енгелі өнер қайраткерлері, майталмандары риза болып жүр. Себебі айтулы күн болмаған. Мен өте қуаныштымын. Жиырма жылдан бері «Алматы әуендерінде» жұмыс істеп жүрмін, – деді «Алматы әуендері» КМҚК жеке орындаушысы Бейбітгүл Нұрымхожина.

Оқи отырыңыз: Соңғы үкім: Ахмет Байтұрсынов туралы фильм жарыққа шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир