Ұлттық оркестрді 42 жыл басқарған кәсіби дирижердің құрметіне шәкірттері мен жақындары келіп, еске алды
«Талантқа тағзым». Бүгін КСРО Халық әртісі, дирижер, «Отан», «Парасат» орденінің иегері Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиевтің 95 жылдығына орай мемориалды тақтаның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Өзі тұрған үйге қойылған ескерткіштің өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз» дейді Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің ұжымы. Ұлттық оркестрді 42 жыл басқарған кәсіби дирижердің құрметіне шәкірттері мен жақындары келіп, еске алды.
«Тұрған үйіне тақта ілінуі жақсы іс-шара болды деп есептеймін. Шамғон ағаны қанша дәріптесе де артық болмайды», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Жанас Бекентұров.
«Өздеріңіз көргендей, артымызда Шамғон Қажығалиевтің және Тілес Қажығалиевтің тұрғын үйінде мемориалды тақта ашылды. Бүгін кешкісін Құрманғазы оркестрінің залында Шамғон ағамызға арналған «Серпін» атты концерттік кеш өтеді», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.