Бүгін «Алматы» телеарнасы Tangy Studio бағдарламасында белгілі музыкант, домбырашы, Алматы қаласы ІІД-нің мемлекеттік оркестрінің солисі Олег Никитин қонақта болды.
Олег Никитин Алматы қаласында дүниеге келген, кейін отбасылық жағдайға байланысты Ақтауға қоныс аударған. Ол қазақтың ұлттық аспабында ойнауға бала күннен әуес болған.
«Мен шамамен 7 жаста едім, қалаға Құрманғазы оркестрі келіп, керемет концерт берді. Сол кезде домбыраның күмбірлеген үнін естіп, тәнті болдым. Негізі, домбыраның мүмкіндігі шексіз. Себебі домбырамен тек күй ғана емес, бәрін ойнауға болады», – дейді Олег Никитин.
Сондай-ақ Олег тікелей эфир барысында Отанға деген сүйіспеншілігі және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне орай «Шапағат» медалін алған кезінде қандай әсерге бөленгенін айтып берді.
Сонымен қатар бағдарлама соңында музыкант Almaty.tv көрермендеріне тосынсый жасады.
редактор Назым Қыдырбайқызы