Алматыда «Алаш демократиясы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туынды аты айтып тұрғандай, Алаш арыстарының демократиялық көзқарасы мен идеяларын қалай және қайда сөз еткені, қандай шығармаға арқау еткені айтылған. Автордың айтуынша, зиялылардың ойы – бүгін де өзекті. Сол себепті мақсат – өркениетті қоғам құруда демократияның тарихын, өткенін оқырманға жеткізу.
«Алаш арыстарының сөз бостандығы, адам құқығы, биліктің тежемелі тепе-теңдігі, бөлінісі, сайлау, парламентизм, азаматтық белсенділік, саяси қатысу деген сияқты мәселелерді сол заман тұрғысынан қалай қарастырды? Оны біз қазіргі тұста қалай қабылдауымыз керек? Сабақ алуға бола ма, болмай ма? Осы сұрақтарды қоя отырып, соған жауап таптық», – деді кітаптың авторы Руслан Ақмағанбет.
«Бұл демократиялық құндылықтарға Алаш арыстары сенген болатын. Олар қазақтың болашағын ойлады. Демократиялы қоғам құрылғанын қалады. Бірақ осындай қарапайып жазылған туынды аз. Осы идеяның барлығын бір туындының шеңберінде жинақтап, оқырманға ұсынып отырмыз», – деді баспагер Бақытжан Бұқарбай.