Есмұхан Обаевтың «Бәрі-бәрі есімде» атты жинағы жарық көрді

10.11.2022 19:15

Көпшілікке туындыны таныстыру Темірбек Жүргенов атындағы академияда өтті

Almaty.tv

Белгілі өнер қайраткері, режиссер Есмұхан Обаевтың «Бәрі-бәрі есімде» атты жинағы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көпшілікке туындыны таныстыру Темірбек Жүргенов атындағы академияда өтті. Өнер ордасындағы мерейлі кеш театр өнерінің өзекті мәселелерін талқыға салған конференцияға жалғасты.

«Есағаңның өмірі ұлағаттылыққа, жақсылыққа, алатын ғибратқа толы. Өмірі адам қызығарлық, көрсең, өмір сүруге арқаңды қоздырып, шабыт шақыратындай айтулы адам. Сондықтан, Есағаңа мен шын жүректен амандық тілеймін, денсаулық тілеймін!», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл.