Авторлық құқық: Алматыда шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері талқыланды

29.07.2024 19:17

Мамандардың айтуынша, тренинг өткізу жоспарлап отыр

Almaty.tv

«Біздің міндетіміз – шығармашылық жетістікті қорғаумен қатар, олардың әлемдік аренаға сәтті енуіне жағдай жасау». Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік басқармасы мен «Шығармашылық бастамалар және мәдени мұра» қоғамдық қорының ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда Алматыдағы шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері талқыланып, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша атқарылған жұмыс сөз болды. Сондай-ақ іс-шарада қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев зияткерлік меншікті цифрлық қорғауды дамыту үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

– Авторлық құқық мәселесі көтеріліп жатыр. Оның 97 пайыз пайда көзі – музыка. Бірақ авторлық құқық тек композитордың еңбегімен шектелмейді. Мәселені жан-жақты шешуіміз керек, – деді әнші, продюсер Ерболат Беделхан.

Оқи отырыңыз: Алматының Алтынсарин даңғылында жол жүру шектеледі