Астанада «Алматы, мен сені сүйемін» фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыда 5 түрлі кейіпкердің басынан өткен шытырман оқиға баяндалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Киноны жарыққа шығару үшін 300-ден астам адам еңбек еткен. Олардың қатарында 5 сценарист, 3 режиссер және 20 танымал актер бар. Бұл азаматтардың дені алматылықтар екенін де айта кету керек. Фильм ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.
– Туындыны түсіру үшін көп қаражат жұмсалмады. Сценарийді оқыған актерлер осы киноға түсуге бірден келісім берді. Осының өзі сценарийдің қаншалықты қызықты екенін айтып тұр. Оның үстіне, 5 кейіпкердің бастан кешіретін оқиғалары да бір-біріне ұқсамайды. Киноның бүкіл құпиясын мен ашпай-ақ қояйын. «Алматы, мен сені сүйемін» фильмін кинотеатрлардан көруге кеңес беремін, – деді фильм продюсері Сергей Корносенков.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 наурыз күні әйелдерге 1 миллион теңге берілетін болды