|
11.03.2022 | 18:57
1162

Басты жүлде – Ыстанбұлға саяхат: елімізде кітап оқу сайысы басталды

Сайысқа мектеп оқушыларымен қатар, ересектердің де қатысуына болады

Басты жүлде – Ыстанбұлға саяхат: елімізде кітап оқу сайысы басталды Almaty.tv

Қазақстан баспасөз клубында «Тұлға болам» атты үшінші кітап оқу сайысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Шұғыла» қоры, сондай-ақ «Дария» дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтетін сайыс 3 кезеңнен тұрады. Мұнда мектеп оқушыларымен қатар ересектердің де бақ сынау мүмкіндігі бар.

9 сәуірге дейін жалғасатын байқаудың басты жүлдесі – Ыстанбұлға саяхат. Одан бөлек, техникалық және ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Айта кетейік, өткен маусымның жеңімпазына Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілген еді.  

«Талаптарына келсек, «Дария даму» қосымшасынан тіркелуге болады немесе «Тұлға болам.кз» сайтына кіріп тіркелуге болады. 3 қана талабы бар: аты-жөніңізді жазасыз, өзіңіздің мекенжайыңызды, яғни тұрғылықты жеріңізді көрсетесіз, қай сыныпта оқисыз немесе ересексіз бе, соны жазасыз. Қатысушы біз берген кітапты оқиды. Бір айда бір кітап береміз, содан соң сол кітаптан өзінің жасына қарай сұрақтар беріледі. Жүз немесе елу сұрақтан тұрады. Оларға біз қойған уақытта жауап беру керек», - деді жобаның демеушісі Сырымбек Тау.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир