АҚШ-тың ең ірі шаhарында қазақтың екі Димашы кездесті
instagram.com/dimash.niyazov
Димаш Ниязов жерлесінің Arnau tour ENVOY шоуында өнер көрсетіп жүргінен естіген бойы, Barclays Center аренасына ат басын бұрыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Біреуі айдай әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген болса, екіншісі – Нью-Йорктің бетке ұстар тәртіп сақшысы Димаш Ниязов, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соңғысы атақты жерлесінің Arnau tour ENVOY шоуында өнер көрсетіп жүргінен естіген бойы, Barclays Center аренасына ат басын бұрыпты. Сол жерде екі Димаш сүретке түсіп, әрқайсысы тарихи фотоны өздерінің инстаграм парақшасына жайғастырған.
Естеріңізге сала кетейік 10 желтоқсан күні Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт беріп, бүкіл әлем назарын өзіне қаратқан еді. Ал 13 жасында Шымкенттен АҚШ-қа көшкен Димаш Ниязов болса, ерен еңбегі мен қайсар мінезі үшін Нью-Йорктің ең мықты полицейі атағына ие болған азамат.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
19.09.2026 12:25