«Сымбат» дизайн мен технология институтында студия-мұражай ашылды

29.02.2024 19:30

Онда ұлттық киімдер мен ою бейнеленген бұйымдар, институт еңбектерінен сыр шертетін экспозиция қойылған.

Almaty.tv

«Сымбат» дизайн мен технология институтында студия-мұражай ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыркүл Жайлаубекқызының мерейтойына орай ұйымдастырылған. Онда ұлттық киімдер мен ою бейнеленген бұйымдар, институт еңбектерінен сыр шертетін экспозиция қойылған. Сондай-ақ мерейтой аясында профессордың жаңа кітабының тұсауы кесілді.

«Біз алдымен тігеміз, сосын оны қағазға түсіреміз. Алдарыңызда жатқан кітаптың ішінде біздің еңбегіміз жазылған. Онда тігінге байланысты барлығы көрсетіледі», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыркүл Асанова.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: ерекше қажеттілігі бар адамдар сапалы құралдармен қамтылады