Ол – 40-қа жуық күйдің авторы
Күйші-композитор Кәзен Әбуғазыұлының 90 жылдық мерейтойына орай концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеште оның репертуарындағы күйлер домбыра, қыл қобыз, жетіген және басқа да аспаптарда орындалды. Кәзен Әбуғазыұлы 5 жасында қолына домбыра алып, өмірінің соңына дейін өнерден қол үзбеген. Ол Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебін меңгерген. Қоржынындағы өзі шығарған «Ерке күрең», «Жалғыз аққу», «Қара қаз», «Қуаныш» секілді туындылары халық арасында танымал.
«Кәзен Әбуғазыұлы деген күйші менің әкем болады. Бала жастан бізді күйшілік өнерге тәрбиеледі. Ол – 40-қа жуық күйдің авторы. Қазір күйшілердің репертуарына еніп, жастар да орындап жүр. Тың дүниелер әлі жарыққа шықпады», – деді ҚР Мәдениет қайраткері, күйші Мұрат Әбуғазы.