Қазақ хандығының сыртқы саяси тарихына арналған монография жарық көрді

15.01.2024 19:34

Нұрлан Атығаев дүние жүзіндегі кітапханалардан дереккөз жинаған

Almaty.tv

Алматыда профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаевтың монографиясының тұсаукесері өтті. Мемлекеттік орталық музейінің жетекші ғылыми қызметкерінің туындысы XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саяси тарихына арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Автор өз кітабын мұсылман және еуропалық авторлардың ортағасырлық тарихи және тарихи-географиялық еңбектеріндегі мәліметтерге, ресейлік мұрағат қорларындағы материалдарға, қазақ ауыз әдебиеті деректеріне және зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жарыққа шығарған. Өмірінің 30 жылға жуық уақытын ғылыми жұмысқа арнаған ғалым дүние жүзіндегі кітапханалардан дереккөз жинаған. Орталық мұражайда одан бөлек, тағы бір ірі монографиясының тұсауы кесілді.

– Біз қазақтардың қызылбаштармен күресі туралы айттық. Фольклорлық материалдарға сүйене отырып, Шыңғыс ханға дейінгі, моңғол дәуірінен бастап әртүрлі кезеңге жатқыздық. Кітапта Қазақ хандығының XV-XVII ғасырлардағы сыртқы саяси тарихын түсінуге тырыстық, – деді кітап авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Мирас болған мұра» атты кеш өтті