Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған халықаралық жиын өтті

11.02.2022 19:35

Жиынға отандық ғалымдардан бөлек, түрлі бірлестіктердің өкілдері мен шетелдік қонақтар қатысты

Almaty.tv

Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға отандық ғалымдардан бөлек, түрлі бірлестіктердің өкілдері мен шетелдік қонақтар қатысты. Мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі, сондай-ақ республиканың дамуына қосқан үлесі сөз болған басқосуда ел ағасының замандастары да елеулі естеліктер айтты.  

«Ең бастысы, бүгін сол кісіні еске алып, өмір жолына шолу жасадық. Одан кейін, «Ақиқаттан аттауға болмайды», «от Сталина до Горбачева» деген кітаптарының тұсаукесері болады», - деді Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири.