Вена филармониясының жетекші солисі классикалық музыка жауһарларын орындады
Алматыда әйгілі опера әншісі Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вена филармониясының жетекші солисі классикалық музыка жауһарларын - арфа, фортепиано және оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Көрермендер де әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті.
– Еуропада қыздар қазақтың әндерін, керемет орындап, елге танытып жүр. Ол біздің мақтанышымыз! Оны әрқашан да қолдап жүрем, – деді көрермен Аршагүл Тойбаева.
Әнші кеш соңында қолдау көрсеткен тыңдармандары мен жақындарына алғысын білдірді. Ал өнерпаздың анасы қызының қайсар мінезбен әлі де талай шыңды бағындыратынына сенімді.
– Үнемі жан-жағындағыларға мерекелік көңіл-күй сыйлағанды жақсы көреді. Бүгін – сондай айтулы күннің бірі. Айгүл Қазақстанда жеке концертін жиі өткізіп тұрады. Оның тұрақты тыңдармандары жиналады, – деді А. Шамшиденованың анасы Фарида Жылқыбаева.
Оұи отырыңыз: Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды