Айжұлдыз Адайбекова ажырасып кетті: Маған келін – ене тақырыбы әсер етті

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Соған қарағанда ол енесімен тіл табыса алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізге белгілі әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақында ұлды болды. Бірақ көпшілікті Айжұлдыздың перзентханадан жалғыз шыққаны алаңдатты. Ол жолдасы Қыран Талаппен ажырасып кеткенін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әншінің қызы Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында айтты.

«4 айлық қорқынышты токсикоз. Қауіп-қатер. 9 айда 2 ота. Бұл мен үшін оңай болған жоқ, бірақ мен оны жеңіп шықтым. Жарық дүниеге қош келдің, менің кішкентай Назарым. Мен сені шын жүректен күттім. Ия, 9 ай ішінде сіздер «Қыран қайда?» деп сұрадыңыздар. Біз баяғыда ажырасып кеттік. Мен жеке өмірімді қызу талқыламаймын. Мен құрбан емеспін. Бірақ мен әлі де бір нәрсе айтамын және маған Келін – Ене тақырыбы әсер етті. Менің ойымша, бұл жерде бәрі түсінікті. Өткенге алғыс айтамыз, бірақ біз алға жылжудамыз», деп жазды Айжұлдыз парақшасында.

Сонымен қатар, ол стористерінде «Келін деген құл емес. Қазір XXI ғасыр» деп пост салды. Соған қарағанда ол енесімен тіл табыса алмағанын аңғаруға болады.


Новости партнеров