Видеодан әншінің ата-анасы тұратын ауылға барып, оларға көмектесіп жатқанын көруге болады
"Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек көпшілікке әкесін көрсетті. Бұған дейін желіде тек анасының бейнежазбалармен бөлісіп келген әнші енді жұртшылықты асқартауы әкесімен түскен видеосымен қуантқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдар Тұрғамбек әкесімен бірге түскен жантебірентерлік бейнероликті өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Видеодан әншінің ата-анасы тұратын ауылға барып, оларға көмектесіп жатқанын көруге болады.
"Ата-анаға алғыс. Асқар тау әкем, үнемі анамды түсіретін едім, енді әкемді де көрсетейін. Ауылға барып, кішкене болса да қызмет еттік" , - деп жазған әнші.
Желі қолданушылары әншінің ата-анасына танытқан жылы лебізіне тәнті болып, кейбірі тіпті аталмыш видеодан кейін көзіне жас алғанын да жазуда.
"Керемет жансың, саған тек қана ризамын" , "Қандай керемет көрініс, сондай шынайы" , "Видеоңыз сондай әсерлі екен. Мен де әкемді сағынып кеттім" , "Мына видеодан соң, көзге жас келеді екен" , "Әкеңізден айнымайды екенсіз. Ұзақ жасасын асқар тауыңыз" ,
"Әкемнің бейнесі көз алдыма келіп, мына видеоны көріп, бір жылап та алдым" , "Қарапайым екенсіз" , "Енді әйеліңізді көрсетсеңіз болғаны" , "Әке мен баланың осындай қарым-қатынасына тәнті боласың" , - деп жазуда көпшілік.
View this post on InstagramA post shared by АЙДАР ТҰРҒАМБЕК (@aidar_turgambek) onNov 4, 2019 at 4:33am PST