Алматыда қоғам қайраткерінің 2500 кітабын кітапхана қорына табыстау рәсімі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шарада Тайыр Мансұровтың кітаптарынан жинақталған «Сан қырлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ұлттық кітапханада қоғам қайраткері Тайыр Мансұровтың 2500 дана кітабын кітапхана қорына табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Іс-шарада автордың кітаптарынан жинақталған «Сан қырлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ел мақсатын екшеген елші бола жүріп, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына орасан зор үлес қосқан қаламгердің еңбектері өскелең ұрпаққа тарихи терең мәліметтер береді. Салтанатты шараға еліміздің белгілі зиялы қауым өкілдері қатысып, автордың сара жолын сайратты.  

«Тәуелсіздік шежіресі деуге болады, өзі жазған кітаптардың негізгі мәні – Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі. Мәскеу қаласында жарыққа шыққан. Өте сапалы, көркемдік деңгейі де, орфографиялық жағынан міні жоқ деуге болады. Жалпы, полиграфиялық сапасы өте жоғары кітаптар», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.  

Новости партнеров