«Қазақстан театрлары» мониторингінің қорытындысы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Сондай-ақ «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттауы болып, жеңімпаздар анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Қазақстан театрлары» мониторингінің қорытындысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында сондай-ақ «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттауы болып, жеңімпаздар анықталды. Мұнда ел театрларының өткен жылы сахналаған спектакльдері мен шығармашылық жұмыстары сынға түсті.

Айта кетейік, байқауға еліміздің барлық өңірінен 48 театр жүлдеге үміткер ретінде ұсынылған еді.  

«Жыл сайын, яғни үшінші рет өткізіп жатырмыз. Бұл биылғы жыл рекордтық көрсеткіш деп айтуға болады. Бұл жерде байқауда ешқандай ақшалай жүлделер жоқ. Оған қазірше мүмкіндігіміз болмай тұр. Сондықтан біз жеңімпаздарға «Үздік театр сыншыларының таңдауы» деген арнайы сертификат береміз», - деді театртанушы, халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Мұқан Аманкелді.

Новости партнеров