Алматыда Словак елінің «Айко мен Страшко» қуыршақ спектаклі қазақ тілінде сахналанды

05.12.2019 19:50

Режиссері, әрі продюссері - Халықаралық «КУКART» театр фестивалінің президенті Давид Бурман

ru.depositphotos.com

Әлем тілдеріне аударылған атақты қойылым «Аққұтан мен қарақшы» ертегісінің желісімен қойылған. Алғаш рет Бурят елінде бүлдіршіндерге тарту етілген бұл қуыршақ спектаклі біздің елімізде екінші рет сахналануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа қойылымның режиссері, әрі продюссері - Ресей елінің өкілі, Халықаралық «КУКART» театр фестивалінің президенті Давид Бурман. Ол кішкентай құтан мен егістікті күзететін қарақшының оқиғасы оң-солын енді танып келе жатқан балалар үшін тәрбиелік мәні зор екенін айтады.

«Айко мен Страшко» қойылымы алғаш рет Бурят елінде орыс, бурят тілінде және монғол тілдерінде қойылған болатын. Екінші рет қазақ тілі мен орыс тілдерінде үйлесім тапқан бұл қойылым Алматыда көрсетілуде. Туынды арнайы әртістік шеберлікті қажет етеді. Онда махаббат пен адалдық, мейірімділік пен зұлымдық көрініс тауып, жас бүлдіршіндерді жақсы-жаманды ажырата білуге үйретеді», - деді «Айко мен Страшко» қойылымының режиссері Давид БУРМАН.