«Отырар сазы» оркестрі халық әндерін заманауи бағытта көпшілікке ұсынбақ

Іс-шара 4 қыркүйек күні қала күнін мерекелеу қарсаңында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

40 жылдық тарихы бар  «Отырар сазы» оркестрі халық әндерін заманауи бағытта көпшілікке ұсынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Музыкалық туындылардың бәрі де халық аспаптарының сүйемелдеуімен орындалады. Қазір оркестр концерттік бағдарламаға дайындық жүргізіп жатыр. Іс-шара 4 қыркүйек күні қала күнін мерекелеу қарсаңында өтеді. Концерт ашық аспан астында, Ғылым ордасы алаңында болады. Қала әкімдігі мен бірнеше жекеменшік компаниялардың қолдауымен өтетін іс-шара түскі сағат 12:00-де басталып кешке дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын керемет кештен қалыс қалмауға шақырады.

«Бұл концертте біз жаңа бағдарламамен сахнаға шығамыз. Ол үшін ұзақ дайындалдық, қазір де дайындық үстіндеміз. «Желсіз түнде жарық ай», «Бипыл», «Ақан сері» секілді халық әндерін жаңа бағытта орындаймыз. Қазір заманауи тұрғыда ән шырқап жүрген iFLY тобы бізбен бірге муызкалық туынды орындайды. Осылайша халық аспаптары оркестрі мен Джаз бағытындағы топтың шығармаларын керемет үйлестірдік»,– деді  «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері Дінзухра Тілендиева.

«Дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көрермен бұл жолы бұрын-соңды естімеген әндерді тыңдай алады. Біз кішігірім тосын сый әзірледік. Оны көпшілік концертке келіп көре алады», – деді  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева.

Новости партнеров