Іс-шара барысында қазақ әдебиетіндегі үздік махаббат дастандары талқыланды
Алматыда Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай әдеби шығармашылық жиын өтті, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жастармен кездескен ақын-жазушылар өздерінің басынан кешкен махаббат хикаяларын баяндады. Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлттық ғашықтар күнін ұлықтау. Іс-шара барысында қазақ әдебиетіндегі үздік махаббат дастандары талқыланды.
«Жастар бұған дейін басқа күнді атап өтіп жүрді. Ал Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнін көп біле бермейді. Біздің мақсатымыз – ақын-жазушыларды, танымал азаматтарды оқырманмен таныстыру. Екіншіден, жастардың мереке ретінде махаббат күнін қабылдауына үлес қосу», – деді А.Чехов атындағы кітапхананың меңгерушісі Ләйлә Баймолдина.