Қазақ балетінің аңызы, көрнекті суретші, балет әртісі Болат Аюхановтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Хореографияның атасы» деген атқа ие болған белгілі халық әртісінің ескерткіш тақтасы өзі тұрған үйіне орнатылды. Жиналғандар «Семей қаласында дүниеге келген балетмейстер ақыл-ойының тазалығын сақтай білгенін мақтан тұтқан» дейді. Ескерткіштің салтанатты ашылуына көзін көрген әріптестері мен шәкірттері, зиялы қауым өкілдері және туған-туыстары келіп, естелік айтты.
– Тақтаның орнатылуы көпті қуантты. Болат Ғазизұлының артында өшпес мұра қалды деуге болады. Біз керемет жанмен әріптес, шәкірті болғанымызға мақтанамыз. Болат Аюханов ағамыз мәңгі жүрегімізде, – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлфида Ғафурова.
Оқи отырыңыз: Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті