Бүгін ақын, сазгер Жарылқасын Аманұлы тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Поэзия-проза жанрында қалам тербеп, ән-күй жинақтарын шығарған қайраткер 5 ұл, 5 қызды тәрбиелеген.
«Сәлем беруге келгенде баса көктеп кірмейміз. Шешемізден сұраймыз, әкеміз өз кабинетінде отырады. Кір десе, кіреміз. Жағдайымызды айтып, ақылымызды сұрап қайтатынбыз. Сонысымен есімде қалды», – деді Ж. Аманұлының ұлы Әбілқасым Аманов
Көпшілікке Жарылқасын Аманұлының ақындығынан бөлек, қоғамдық қызметтері де жақсы таныс. «Ұлы дала», «Бәйдібек баба» сынды қорда басшылық еткен ол музыкалық оқу орындарына арнап оқулық та шығарған.
«Өзінің бас киімдерін де өзі тігіп алатын. Домбыраны шебер жасайтын. Ол кісі туралы сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп айтуға болады. «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен» өзі әні арқылы айтп кеткен», – деді дәстүрлі әнші Ардақ Исатаева.