Әншіні пойыздан күтіп алған видео желідегі @torefandar парақшасында жүктеді
Жақында ғана ұлды болған Төреғали Төреәліні Атырау халқы үлкен қошеметпен қарсы алды. 5 наурыз күні қалада концерт беретін әншіге тыңдарманы ән-күй арнап, қошеметке бөледі.
Әншіні пойыздан күтіп алған видео желідегі @torefandar парақшасында жүктеді.
Бейнежазбадан бір топ тыңдармандар жол жүріп, шаршап келген әншіге ән айтып, би билеп жатқанын аңғаруға болады. Олар Төреғалидің репертуарындағы «До-ре-ми» әнін баянмен, домбырамен қосыла орындап, сахна серісіне қымыз да ұсынған.
Видео кадрларынан пойыз алдында қазақша киім киген қыздардың тұрғаны да байқалады.
Бұл Атырау жұртының сүйікті әншілеріне деген ыстық ықыласы болса керек.