«Айбоз» әдеби сыйлығына шығармалар қабылдау жалғасып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлттық байқаудың жеңімпазына 5 миллион теңгені иеленеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Айбоз» әдеби сыйлығына шығармалар қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық байқаудың жеңімпазына 5 миллион теңгені иеленеді. Жүлделер үздік поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма, комик және үздік кітап номинациялары бойынша беріледі. Аталған байқау жастар мен орта буын авторларын қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Айбоз» сыйлығы  Нобельден кем түспейтін марапат болмақ. Алдағы жылы Президенттің сыйлығын беру де көзделген екен.

«Жастар да қазір қалыптасып келеді. Министрлік тарапынан тиісті ұсыныстар бере отырып, 2023 жылдан бастап Президенттің жас жазушылар мен ақындардың арнайы әдеби сыйлығы тағайындалып отыр.  Проза, поэзия, драматургия, балалар әдебиеті  сынды 4 номинация, жүлде қоры  әр номинацияға 4 миллион теңгеден беріледі», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Новости партнеров