Осетиялық драматург Георг Хугаевтің пьесасына мектеп ұстаздары режиссерлік еткен
Алматылық оқушылар өздерін жаңа қырынан көрсетті. Олар көпшілік алдында «Қара шекпен» қойылымын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осетиялық драматург Георг Хугаевтің пьесасына мектеп ұстаздары режиссерлік еткен. Көптеген елдердің сахнасында қойылған шығарманың ерекшелігі сол, кейіпкерлер – жабайы аң мен құс кейпіндегі адамдар. Яғни, шығармашылық топ бұл балаларға ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажыратуға жол сілтейді деп отыр. Ал көрермендер актерлік құрамы оқушылардан жасақталған спектакльді тек қала көлемінде емес, биіктен көргісі келетіндерін айтты.
«Театр жасау, бір мектептің ішінде 10-15-20 адамның басын қосу, оның әрқайсысына сөзді жаттату, әрқайсысына кейіпкердің бейнесін жасату, үйрету, содан кейін солардың басын қосып, өнер ансамблін сахнаға әкелу – үлкен бейнет. Тіпті, кейде мектеп балалары театр құрыпты дегенге таңғаласың? Бұл классиканың ең алғашқы түрі, формасы аңыз әңгімелерден басталады. қисса-дастандарды көп оқып, аңыз әңгімелерді бала жастан естіп өстік. Сол туындылар бізге үлкен тәрбие берді», – дейді ҚР халық әртісі, драматург Ерсайын ТӨЛЕУБАЙ.