|
12.10.2021 | 15:08
685

Қарызға батқандарға жол көрсетеді: Кинотеатрларда жаңа фильмнің тұсаукесері өтеді

Фильм тәжікстандық белгілі бизнес-тренер Саидмурод Давлатовтың өмірбаяны желісіне құрылған

Қарызға батқандарға жол көрсетеді: Кинотеатрларда жаңа фильмнің тұсаукесері өтеді

Елімізде 14 қазаннан бастап «Один на миллион» автобиографиялық туындысының тұсаукесері өтпек. Фильм тәжікстандық белгілі бизнес-тренер Саидмурод Давлатовтың өмірбаяны желісіне құрылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Рухани және материалдық тұрғыда күйзеліске түскен адамның бар қиындығын еңбектің ғана жеңіп шығатынын көрсетеді. Бұл жоба тығырықтан шығар жол іздеп жүрген жандарға үміт сыйлайды дейді фильм режиссері.

«21-ші ғасырда қарыз, несие төлей алмау сынды тақырыптар өзекті. Сондай жағдайды басынан өткеріп жүргендерге бұл туынды қызық болады деп ойлаймын. Фильмнің бас кейіпкері қарызға белшесінен батып, тығырықтан шығар жол іздеп табады. Бұл туындыда Саидмурод Давлатов басты рөлді сомдайды. Одан бөлек, оның бала кезі мен жігіт кезін 2 актер сомдайды», – дейді режиссер Мухиддин Музаффар.

8 айға созылған кастинг нәтижесінде, актерлық құрам Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Қазақстан елдерінен таңдалып алынды. Басты кейіпкердің досын қырғызстандық актер Азиз Бейшеналиев сомдайды. Фильмнің басты философиясы – жүректегі шектеумен күресе отырып, жетістікке жету. Сонымен қатар, халықтар достастығын ту ету.

«Басты актер барлық ұлттармен достасады. Әртүрлі ұлт өкілімен әртүрлі жағдай болады. Жанжал да, достық та, махаббат та болады. Соның бәрі фильмде көрсетілген. Фильм 14 қазаннан бастап Қазақстанның 10 қаласында «Кинопарк», «Киноплекс» желілерінде көрсетіледі. Келіңіздер, көріңіздер!», – деді бас продюсер Назерке Кибаева.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир