Алматы облысында жалған вакцина паспортын жасаған 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті ресми өкілінің хабарлауынша, Қарасай ауданындағы ауыл тұрғынын бастапқыда деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде ұстаған, кейіннен оның заңсыз әрекетпен айналысқанын анықтаған.
Енді заңнамаға сәйкес, бұл қылмыс түріне 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 5,8 млн теңге айыппұл салу қарастырылған.
«Ер адамды үй қамауына алып, ҚР ҚК 385-бабы, 1-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша деректі тіркеді», – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.