|
30.01.2024 | 15:09
340

Алматыда «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітап жарық көрді

Бағдат Тілегеновтың 60 жасқа толды

Алматыда «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітап жарық көрді Almaty.tv

Алматыда еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегеновтың 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбекте еліміздегі фольклорлық музыканың дамуы мен автордың өмір жолы баяндалады. Сондай-ақ «Сазген сазы» ансамблінің үздік ұжымға айналып, елімізге және шет елдерде танылуына қосқан үлесі туралы тың деректер келтірілген.

– Өсіп келе жатқан жасөспірімдерге қызық болатын шығар деп ойлап отырмын. Өйткені біздің тек ұлттық музыканы емес, ұлттық киімді де дәріптейміз. Бұл кітапта Өзбекәлі Жәнібеков туралы да жазылған. Өзбекәлі Жәнібековтен екі-үш жылдай тәлім-тәрбие алдық. Ол кісінің салып кеткен сара жолымен келе жатырмыз, – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов.

– Бүгінгі жазылған кітап ертеңгі оқырманына рухани азық болса деймін. Ғибрат алған оқырман әлем түсінігіндегі деңгейін ұлғайтса екен дейміз, – деді Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

Оқи отырыңыз: QazaqGPT: қызылордалық оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир