Болливуд жұлдыздары танымал «Гаалипата» фильмнің жалғасын түсіру үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nur.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы «үнді киносының ең романтикалық қаһарманын сомдаушы» ретінде елге танылған белді актер Дигант Манчале өз желі парақшасында жария етті. Ол еліміздің көрікті жерлерін аралап жүрген сәтінен видео салған.
Жергілікті indiatimes.com сайтының ақпаратына сенсек, үндістандық түсірілім тобы Қазақстанда «Гаалипата» (Gaalipata) фильмінің жалғасын түсіріп жатыр. Одан бөлек Үндістанда «алтын жұлдыз» лақап атымен танымал болған актер Ганеш те Қазақстанда фильм түсіріліп жатқанын айтып, желі парақшасында бөліскен. Ол түсірілім тобының көлікте отырған сәтін көрсеткен.
Қазақстанның көркіне тамсанған желі қолданушылары актерлерден видео қай елде түсірілгенін сұрап, пікірлерін жаудырды. Дегенмен «Гаалипата» фильмінің жартысы түсіріліп қойылғаны белгілі болып отыр. Фильмде басты рөлдерді Ганеш, Дигант пен Паван Кумар ойнайды. Фильм желісі бойынша кинода төрт басты кейіпкердің достығы көрсетіледі.
Айта кетсек, «Гаалипата» – 2008 жылы түсірілген романтикалық комедия. Фильмнің бюджеті 70 миллион фунт стерлингті құраған. Көрермендердің жоғары бағасына ие болған фильм 56th Filmfare Awards South марапатында түрлі номинация бойынша жүлде алған.