Елдің әр аймағынан келген балалар 6 номинация бойынша бақ сынаған
Алматыда өнерлі өрендердің басын қосқан халықаралық фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елдің әр аймағынан 6 номинация бойынша бақ сынаған балалар «Қазақстан таланты» атануды мақсат етеді. 4 пен 18 жас аралығындағы өнерпаздар бұған дейін бірнеше іріктеу турынан өтіп, ақтық кезең үшін Алматыға келген.
«Бұл – өнерде бізде қандай сала бар, соның барлығын біріктіріп, үлкен сахнаға шығару мақсатында ұйымдастырылған концерт. Бүгінгі таңда 80 бала қатысты», – деді ұйымдастырушы Сандуғаш Есенбекова.