Ингуш тілінде түсірілген фильм көрерменнің назарына ұсынылды

ALmaty.tv
ALmaty.tv
2018 жылы ТМД елдері арасында ең үздік сценарий номинациясын жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ингуш тілінде түсірілген ең алғашқы фильм алматылық көрерменнің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

 "Сайти – сын Зоули" атты қысқаметражды туындының режиссері Амур Амерханов. Кинокартина XIX ғасырдың аяғындағы Солтүстік Кавказдағы ингуш халқының тарихы туралы баяндалады. Негізгі идея жас баланың қалай ержүрек, намысты қайраткерге айналуы туралы. Түсірілім жұмыстары Ингушетияның таулы жерлерінде өткен. Былтыр жарыққа шыққан фильм бірнеше кинофестивальге қатысып, жүлделі орындарды иеленеп үлгерді.    

«Фильм бүгінде ВГИК халықаралық кинофестивальнің 4 гран-приін жеңіп алды. Сонымен қатар, 2018 жылы ТМД елдері арасында ең үздік сценарий номинациясын жеңіп алды. Ал, кейіпкерлердің барлығы ойдан шығарылған, олардың образы бала кезімде қариялардан естіген  аңыз,  әңгімелерден тұрады», – деді  фильм режиссері Амур АМЕРХАНОВ

Ингуш тілінде түсірілген алғашқы туындыға түскен барлық киноактер бір тиын да жалақы алмаған. Фильм ұжымның ынта-жігері мен қамқор жандардың қайырымдылығы негізінде түсірілді. Тіпті, жергілікті тұрғындар ат, арба мен тақтайға дейін қолдарынан келгенше көмектескен. Сондықтан болар, туынды бірнеше байқауларда үздік атанды.  

«Фильм таулы аймақта көп түсірілгендіктен, оңайға соқпады. Алайда фильм 1 ғана айда түсіріліп бітті. Ешқандай өркениеттен хабары жоқ, тауда жалғыз өмір сүретін кейіпкердің рөлін сомдаймын. Кейін ол жалғыз ұлы бар әйелді кезіктіреді», – деді актер Магамед ЗУРАБОВ.

Алматыда аялдамада тұрған әйелді шағын автобус қағып кетті. Қайғылы жағдай Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Ford көлігі жоғары жылдамдықпен батысқа қарай келе жатқан. Нәтижесінде жолдың шетіне аударылып, аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып, жол бойындағы арыққа барып құлаған. Жапа шеккен әйел ауыр халде ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, аяғына жарақат келуіне байланысты ампутация жасалды. Сол жақ иық сүйектері сынған. Ал тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Новости партнеров