Жүз жылдық ерлік: Алматылықтар Мәншүк Мәметованы еске алды

24.11.2022 20:15

Концертке еліміздің өнер жұлдыздары қатысты

Almaty.tv

Алматыда қазақтың қайсар қызы Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жүз жылдық ерлік» деп аталатын концертке еліміздің өнер жұлдыздары қатысты. Олар жас болса да қайсарлық танытқан қазақ қызының бейнесі бүгінгі жастарға үлгі болатынына сенімді.  

«Мәншүктей батыр қызымызды біліп, ұмытпаған кезде, болашақ та жарқын болатынына сенем. Олардығ есімін ұмытпау керек, есте сақтау керек», – деді әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев.