|
22.02.2024 | 15:15
252

Қаламгер шығармаларының орнын әдеби сын айқындап береді - Әмірхан Меңдеке

Кездесуде қаламгер тәлім алушылардың сауалына жауап берді

Қаламгер шығармаларының орнын әдеби сын айқындап береді - Әмірхан Меңдеке Almaty.tv

«Әдеби шығармалардың орнын әдеби сын айқындап береді». Бұл – студенттерге шеберлік сағатын өткізген публицист, сыншы Әмірхан Меңдекенің пікірі. Жазушымен жүздесу өзі оқыған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде қаламгер тәлім алушылардың сауалына жауап беріп, шығармашылық ойын ортаға салды.

– Жастар терең әрі жан-жақты жазуды енді үйреніп жүр. Бүгін  тәжірибемізді бөлісеміз. «Жастар әдебиетке қызықпайды» деген жалған әңгіме. Олар өте құмар. Жазушылар, олардың тағдыры, шығармалары туралы ұдайы сұрап отырады, – деді жазушы, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке.

– Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы үнемі студенттерге арналған шеберлік сағатын ұйымдастырып отырады. Бұл – сондай іс-шараның бірі. Мақсат – практик мамандармен жүздесе отырып, сол кісілердің іс-тәжірибесінен өнеге алу. Іс-шаралардың біз үшін маңызы зор дегім келеді, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Алтынай Секен.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты ұлттық киім күнін бекітуді ұсынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир