|
22.02.2024 | 15:32
246

Колледжде ерекше балаларға мерзімі өткен азық-түлік берген

Прокурорлық тексеру барысында аталған оқу орнының басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұзған

Колледжде ерекше балаларға мерзімі өткен азық-түлік берген elements.envato.com

Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Арнайы кәсіптік колледж - еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған мекеме. Прокурорлық тексеру барысында аталған оқу орнының басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды.

Сапасыз білім берудегі заңбұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен мерзімі өткен медициналық препараттар қолданылған.

Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған.

«Тексеру нәтижесімен заңбұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді», - делінген Түркістан облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир